Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде букмекерлік кеңселер саны екі есе азайды – Мәдениет министрлігі

Елімізде букмекерлік кеңселер саны екі есе азайды – Мәдениет министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 16:19 Сурет: Zakon.kz
Егер 2021 жылдың басында елімізде 38 букмекерлік кеңсе болса, бүгінде олардың саны - 16, ал іс жүзінде жұмыс істейтіндерінің саны – 12.

Ал осы жылдың басынан сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе жабылды. Олардың жұмысы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмеді. Қазір тағы 3 букмекерлік кеңсеге қатысты лицензиялардың күшін жою жұмысы жүріп жатыр.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, ведомство түсіндіру арқылы және сот тәртібімен букмекерлік кеңселердің санын азайту бойынша жұмыс жүргізеді. Мысалы, кейінгі 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырды.

Қазақстандағы ойын бизнесі субъектілерінің жалпы саны да кеміп жатыр. Кейінгі 5 жылда олар 2,5 есе азайды. Егер 2018 жылы 97 болса, биыл олардың саны 38 бірлік болды.

"Мәдениет және спорт министрлігі букмекерлік кеңселер мен ойын бизнесінің басқа да нысандарының заң нормаларын сақтауын мұқият қадағалайды. Мәселен, 2023 жылдың басынан министрлік сот тәртібімен ойын бизнесі саласындағы 7 лицензияның қолданылуын тоқтатты. Осыған ұқсас тағы 7 ұйымға қатысты жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ интернетте де мониторинг жүргізіледі. Биыл 3670 заңсыз онлайн-казино бұғатталды", - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: