Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда экотуристер саны екі есе артты – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Экотуризм, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 12:03 Сурет: Zakon.kz
Соңғы үш жылда Қазақстанда экотуристер саны екі еседен астам өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы экотуристер саны 985 мың болса, 2022 жылдың соңында олардың саны екі миллионға жеткен.

"Бұл Қазақстандағы экологиялық туризмнің даму динамикасы және елдегі экотуризм мәдениетінің қалыптасқанының көрсеткіші. Сондай-ақ республиканың ұлттық саябақтарында жаңа туристік нысандар: визит-орталықтар, кемпингтер мен глампингтер салынып жатыр. Онда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері және т.б. туралы ақпарат беріледі. Мысалы, "Аюсай" визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әр түрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар сағат 22:00-ге дейін оралмаса, визит-орталық қызметкерлері іздеуді бастайды".Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев

Ведомство таратқан мәлімет бойынша, соңғы екі жылда Қазақстанның ұлттық парктерінде 14 визит-орталық ашылды, оның жетеуі жеке инвесторлардың қаражатын тарта отырып салынды. Елдегі глампингтер саны биыл 38-ге жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: