11 шілдедегі саудада доллар бағамы 3,5 теңгеге арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,48 теңгеге төмендеп, 441,11 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 61,24 теңге (-0,50) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 487,64 теңге, рубльді 4,85 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447,5 теңгеден, еуро 486-490 теңгеден, ресей рублі 4,89-5,13 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.
Ал 11 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы сәл көтерілді.
Мәселен, ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,86%-ға өсіп, барреліне 78,36 доллар болды.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,96%-ға өсіп, 73,69 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript