Қазақстан президентінің шәкіртақысы мәдениет және өнер университеттері арасында бөлінеді
Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрлігі "2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы президентінің стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлығы 24 президенттік стипендия бөлінді. Олар мына университеттер арасында бөлінеді:
- "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне 4 шәкіртақы;
- "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне 12 шәкіртақы;
- "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне 4 шәкіртақы;
- "Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына 4 шәкіртақы.
Құжат Ашық НҚA веб-сайтына 11 тамызға дейін жарияланған.
Бұған дейін Қазақстандағы жоғары оқу орындары грант байқауына қатысуға өтініш қабылдай бастағанын айтқан едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript