Жаңа оқу жылының қарсаңында елімізде кеңсе тауарлары 64%-ға қымбаттады

Қазақстанда соңғы бір жылда қалам-қағаз бен басқа да кеңсе тауарлары айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық статистика бюросының 8 тамыз күнгі мәліметінше, кеңсе тауарларының бағасы 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттаған.
"Атап айтқанда, мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% қымбаттады", – делінген статистика бюросы таратқан хабарламада.
Статистиктер тамыз айының дерегін әлі жарияламаған, дегенмен кеңсе тауарларының бағасы оқу жылының қарсаңында қымбаттай түсетіні анық.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript