Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның микроқаржы нарығында не өзгерді

Қазақстанның микроқаржы нарығында не өзгерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 11:42 Сурет: freepik
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі биыл 7 маусымда "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Агенттік Басқармасының № 39 қаулысын қабылдады.

Ол пруденциялық нормативтерді ұйымдардың жүзеге асыратын қызметі мен тәуекел-бейініне қарай саралауды көздейді. Атап айтқанда, ломбардтардың өздері үшін де, қаржылай қызметтерді тұтынушылар үшін де кредит тәуекелдері деңгейінің төмен болуына байланысты, Қаулымен ломбардтарға меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін және левередж коэффициентін сақтау жөніндегі талаптар алып тасталды.


"Микроқаржы ұйымдарының ШОБ субъектілеріне кредит беруін ынталандыру үшін микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілігін есептеу кезінде кәсіпкерлік мақсаттарға арналған кепілмен берілетін микрокредиттерді тәуекел-саралау көрсеткіштері 100%-дан 50%-ға дейін төмендетілді. Сонымен бірге кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің өсуін шектеу және микроқаржы ұйымдары үшін халықтың шамадан тыс кредит алу тәуекелдерін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде қысқа мерзімді кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерді тәуекел-саралау көрсеткіштері 200%-дан 500%-ға дейін көтерілді", - делінген агенттік хабарламасында.

Қаулы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланып, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: