Зейнеткерлерге коммуналдық қызметтің қымбаттауына байланысты қаржылай көмек көрсетіле ме
Түсініктеме департаменттің Telegram-каналында жарияланды:
"Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде тараған ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Субсидияланған қаржылай көмек туралы қаулыны ҚР үкіметі қабылдаған жоқ, бұл ақпарат жалған".
Сонымен бірге "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті атқарушы органдардан тұрғын үй көмегін, бір тұрғын үйді ұстау құны және шығыстың рұқсат етілген шекті деңгейін жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлейтінін хабарлаймыз.
Тұрғын үй көмегін алу үшін egov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуіңізге болады.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтер көтерілді. 13 шілдеде ел үкіметі мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету кезінде қарастырылған коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтеуге кім сене алатынын айтты.