Жаңалықтар тізбегі
0

Қай студенттердің жатақхана ақысы өтеледі

Қай студенттердің жатақхана ақысы өтеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2023 14:31 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкіметтің 2023 жылғы 16 тамыздағы қаулысымен әлеуметтік көмек алатын азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта мемлекет колледждер мен жоғары оқу орындарында тұруға жұмсалатын шығынды жылына 29 АЕК-тен аспайтын мөлшерде ішінара өтейтіні айтылған (бұл 2023 жылы 100 050):

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сонымен қатар кәмелет жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан ҚР азаматтары;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі барлар, бала кезінен мүгедектігі бар балалар.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларына орналасу кезінде өтемақы алу үшін білім алушылардың аталған санаттары мынадай растайтын құжаттардың бірін ұсынуы қажет:

  • қорғаншылық (қамқоршылық) туралы анықтаманың көшірмесі – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  • ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның анықтамаларының көшірмелері;
  • мүгедектік туралы анықтама – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі барларға, бала кезінен мүгедектігі барларға.

Қаулы 2023 жылғы 29 тамызда күшіне енеді. 7145 адамға өтемақы төленетінін, оның ішінде 4651-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім бала, 2494-і мүгедектігі барлар алатынын хабарлаған едік.

Өтемақы биыл қыркүйек айынан бастап беріле бастайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: