Қыркүйектен бастап табиғат инспекторы мен орманшылардың жалақысы екі есе көтеріледі
Экология министрлігінің бұйрығымен мемлекет қызметкерлеріне, бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, орман және балық шаруашылығы саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер мен үстемеақылар белгілеу қағидасына толықтыру енгізілді.
Атап айтқанда, Қазақстанның орман қорғау мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне, табиғатты қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына және қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына, денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыстарға, жануарлар дүниесін қорғауға, ормандарды толықтыруға және орман орналастыруға, балық шаруашылығы, су айдындары мен учаскелерiн балықтандыруға арналған өсiмдiк кешен мемлекеттiк кәсiпорындарына лауазымдық жалақысының 100% мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi.
Бұйрық 2023 жылдың 2 қыркүйегінен бастап қолданысқа енеді.
Бұған дейін балабақша педагогтары мен қызметкерлерінің жалақысы көтерілетіні хабарланған еді. Үкімет мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне тиісті түзетулер енгізді.