Қыркүйектен бастап метродағы пойыздардың жүру аралығы 6 минут қысқарады

Қыркүйектен бастап метродағы пойыздардың жүру аралығы 6 минут қысқарады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2023 12:39 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі 2023 жылдың қыркүйегінен бастап метродағы пойыздардың жүру аралығы 6 минутқа дейін қысқаратынын мәлімдеді.

Қоғамдық көліктің сапасы мен жылдамдығына қойылатын талаптар өсіп келеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында айтты. Оның айтуынша, метроның мегаполисте сұранысқа ие болуы жерасты маршруттары желісінің ұлғаюымен жолаушылар ағынының өсуін дәлелдейді. 

"Былтыр мамыр айында 2 жаңа станция ашылғаннан кейін жолаушылар ағыны күн сайын 35 мыңнан 90 мыңға дейін 2,6 есе өсті. Биыл қыркүйек айынан бастап 3 жылжымалы состав қосылады. Бұл қозғалыс аралығын 6 минутқа дейін төмендетуге мүмкіндік береді", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Қала басшысы 2025 жылы "Қалқаман" станциясының құрылысын аяқтау жоспарланғанын, батыс бағытта "Барлық" базарына дейін 3 жаңа станцияның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: