Жаңалықтар тізбегі
0

Халықты несиелендіру көлемі артып барады: Банк секторына қатысты тың мәлімет жарияланды

Несие, банк секторы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 18:43 Сурет: pexels
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы банк секторының 2023 жылғы 1 тамызы бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынды. Елімізде тұтынушылық несие өсімі тағы да арта түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторының активтері ағымдағы жылғы шілдеде негізінен өтімді активтердің 2,7%-ға төмендеуі нәтижесінде 0,04%-ға немесе 20 млрд теңгеге азайып, 46,6 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 4,5%-ға немесе 2,0 трлн теңгеге өсу), делінген ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 5,9%-ға 9,0 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы шілдеде 3,9%-ға ұлғайып, 16,2 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан 14,7%-ға өсті).

"ШОБ-ты есепке алғанда заңды тұлғалар портфелінде NPL90+ деңгейі 2,9%-ды немесе 321 млрд теңгені, жеке тұлғалар портфелінде 3,8%-ды немесе 568 млрд теңгені құрады", делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 11-інде шетелдің қатысуы бар, сондай-ақ 8-і - еншілес банк.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторының активтері ағымдағы жылғы шілдеде негізінен өтімді активтердің 2,7%-ға төмендеуі нәтижесінде 0,04%-ға немесе 20 млрд теңгеге азайып, 46,6 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 4,5%-ға немесе 2,0 трлн теңгеге өсу).

"Заңды тұлғаларға берілген кредиттер үлкен көлемде өтеу есебінен ірі бизнес субъектілеріне кредиттердің азаюы нәтижесінде 2023 жылғы шілдеде 1,7%-ға 8,6 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 0,4%-ға төмендеу). Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредиттер 2023 жылғы шілдеде 1,1%-ға 9,9 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 2,9%-ға өсу). ШОБ субъектілеріне қарыздар 0,02%-ға 6,4 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 6,9%-ға өсу), ірі бизнеске берілген қарыздар 3,0%-ға 3,5 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 3,7%-ға төмендеу)", делінген хабарламада.


2023 жылғы шілдеде бизнес субъектілеріне 1 073 млрд теңге сомаға жаңа қарыздар берілді. Ағымдағы жылғы 7 айда бизнес субъектілеріне 7 908 млрд теңге қарыз берілген, бұл 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 5,9%-ға 9,0 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы шілдеде 3,9%-ға ұлғайып, 16,2 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан 14,7%-ға өсті).


"Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы шілдеде 0,5%-ға 22,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 4,7%-ға 7,9 трлн теңгеге дейін, соның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы аясында валюталық қайта бағалау есебінен азайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі 2023 жылғы 1 тамызда 25,6%-ды құрады (2023 жылдың басында – 31,6%)", делінген хабарламада.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: