Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасы аясында 70 мыңға жуық заем берілген

"7-20-25" бағдарламасы. ипотекалық несие, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 19:31 Сурет: freepik
ҚР Ұлттық банкі "7-20-25" ипотекалық бағдарламасына қанша қазақстандықтың ілінгені туралы соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 944,4 млрд теңгеге 69 891 қарыз берілді.

Бағдарлама бойынша ең көп ипотекалық несие алғандар - Астанада. Елордалықтарға 389,4 млрд теңге сомасына 24 840 заем берілді. Одан кейін Алматы (212,4 млрд теңгенің 13 778 заемы) тұр, үшінші орында – Шымкент (64,3 млрд теңге сомасына 5 234 заем).


7-20-25 бағдарламасы, ипотекалық несие, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 19:31

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі


2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда "7-20-25" бағдарламасын пайдаланған қазақстандықтардың саны небәрі 748 адамға өсті. Қазақстандықтар ипотекалық несие алу қиын екенін, ал бағдарламаға бөлінген ақша өтінімді рәсімдеуге мүмкіндік берместен бірнеше минутта аяқталатынын айтады.

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы Қазақстанда 2018 жылдан бастап жұмыс істейді, 2023 жылы ол бойынша 100 млрд теңгеге дейін заем бөлу жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: