Табыс декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуына 7 күн қалды
Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 2023 жылы 250.00 нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, оның ішінде директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады.
Декларацияны мына ресурстарда тапсыруға болады:
- cabinet.salyk.kz "Салық төлеушінің кабинетінде";
- egov.kz электрондық үкімет порталында;
- e-Salyq Azamat, eGov mobile, HALYK BANK мобильді қосымшаларында.
Нұсқаулық келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
- "E-Salyq Azamat" қосымшасында;
- "HALYK BANK" қосымшасында.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 1 қазанында 2022 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады. Алайда, ағымдағы жылдың 1 қазаны демалыс күні екенін ескерсек, төлем мерзімі 2 қазанда аяқталады.
1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.