12 қыркүйектегі саудада доллар тағы арзандады

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 15:48 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,12 теңгеге төмендеп, 460,50 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 62,93 теңге (-0,65) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 496,72 теңге, рубльді 4,81 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 461,5-465 теңгеге, еуро 495,5-500 теңгеге, ресей рублі 4,77-4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 12 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны 0,4%-ға өсіп, барреліне 91 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,52%-ға өсіп, барреліне 87,74 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: