15 қыркүйектегі саудада доллар қымбаттай түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 15:41 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,15 теңгеге қымбаттап, 467,29 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 64,21 теңгеге (+0,04) дейін көтерілді.

Еуро бағамын Ұлттық банк еурода – 500,07 теңге, рубльді – 4,85 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464,5-467,5 теңге, еуро 498-502 теңге, ресей рублі 4,73-4,93 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал 15 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электрондық саудасында қарашадағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,46%-ға өсіп, барреліне 94,13 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,49%-ға өсіп, барреліне 90,60 доллар болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: