9 қарашадағы саудада доллар қымбаттай түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 16:15 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,10 теңгеге қымбаттап, 468,05 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 64,32 теңге (+0,17) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 497,78 теңге, рубль бағамын 5,07 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 468,5-470,7 теңге, еуро 500-503 теңге, ресей рублі 4,99-5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.
9 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,74%-ға өсіп, барреліне 80,13 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 0,73%-ға өсіп, барреліне 75,88 доллар болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: