18 қыркүйектегі саудада доллар өсті
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,97 теңгеге қымбаттап, 469,31 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 64,30 теңгеге дейін көтерілді (+0,08).
Еуро бағамын Ұлттық банк 498,22 теңге, рубльді 4,84 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 470,5-474 теңге, еуро 500-504,5 теңге, ресей рублі 4,77-4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 18 қыркүйектегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің бағасы 0,8%-ға өсіп, барреліне 94,68 доллар болды.
Қарашадағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,93%-ға өсіп, барреліне 91,61 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript