Жаңалықтар тізбегі
0

Егер бала қайтыс болса, Ұлттық қордан бөлінген ақша қайда кетеді

Егер бала қайтыс болса, Ұлттық қордан бөлінген ақша қайда кетеді?, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 17:31 Сурет: unsplash
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Бейсенғалиев бала қайтыс болған жағдайда оның Ұлттық қордан төленетін төлемдері не болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттың айтуынша, кәмелетке толмаған баласы қайтыс болған жағдайда Ұлттық қордан ақшаны ресми мұрагер алады. Бала жетімдер үйінде өссе де.

"Қандай жағдайда да мұрагер бола алатын жақын туыстарын іздейді. Егер туыс, жақын адамы болса, сол мұрагер болады. Егер мүлдем болмаса, онда, меніңше, біркелкі жалпы пул (бөлінеді – Ред."). Мұрагер ресми түрде анықталады. Әдетте отбасы, әке, шеше жиналып, шешеді. Егер екеуі болса, онда ол тең бөлінеді. Олар ресми шешімді қалай қабылдаса, соған сай адам мұрагер болады".Берік Бейсенғалиев

Ата-ана жиналған ақшаны басқа балаға жұмсай алады. Егер баласы болмаса, онда басқа қажетіне.

Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ы балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аударылады. Бұл қаражатқа олар болашақта тұрмыс жағдайын жақсартады немесе білім алады. Сонымен қатар тұрғын үй жағдайын сатып алуға немесе жақсартуға Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі. Шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге де рұқсат етіледі.

20 қыркүйекте өткен жалпы отырыста мәжілісмендер Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер мәселесіне қатысты түзетулерді қабылдап, сенатқа жолдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: