Қазақстанда көлік шығыны айтарлықтай өсті
Olx.kz сарапшыларының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда автомобиль қосалқы бөлшектеріне сұраныс ұсыныстан 6 есеге, мотоциклдің қосалқы бөлшектеріне 8 есе асып түсті.
Қазақстандықтар арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, 2023 жылы автокөлік иелерінің көліктің техникалық қызметіне жұмсайтын шығыны былтырғымен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Бұл фактіні респонденттердің 70%-дан астамы атап өтті.
Сарапшылардың бақылауынша, Қазақстанда 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген көліктердің саны - 5 015,2 мың. Оның 87,9%-ы жеңіл, 10%-ы жүк көлігі және 2,1%-ы автобустар. Бір жылда автокөліктер саны 15% артқан. Тіркелген жеңіл автокөліктердің жалпы санының ең үлкен үлесі – 45%-ы қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі автомобильдер болды.
"Қозғалтқышының көлемі 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында, 223 мың бірлік. Алматыда – 200,7 мың, Астанада – 153,7 мың, Қарағанды облысында – 151 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың көлік бар", - делінген хабарламада.
Ал сауалнамаға сай, ел тұрғындарының 50%-дан астамының жеке көлігі жоқ.
Автокөлік иелерінің жартысынан көбі жанар-жағармайды қоса алғанда, автокөліктің техникалық қызметіне айына 50 000 теңгеден аспайтынын айтты. Бұны көбі негізгі шығыс ретінде абсолютті деп есептейді (59%).
"Жаңа қосалқы бөлшектердің қымбаттауын ескере отырып, тұтынушылар жаппай автобөлшектерді бөлшектеу нарығына жүгінуге мәжбүр. Автобөлшектерді бөлшектеу қызметі автокөлік бөлшектері санатындағы ең танымал қызметтердің біріне айналды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қазақстандықтардың басым бөлігі автокөліктің техникалық қызметі шығыны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін (72%) атап өтсе, тек 2%-ы ғана бұл шығынның азайғанын айтты.