27 қыркүйектегі саудада доллар бағамы күрт көтерілді

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 16:01 Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 5,72 теңгеге көтеріліп, 482,77 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,94 теңгеге дейін өсті (+0,88).

Еуро бағамын Ұлттық банк 505,27 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 481-484 теңге, еуро 508,5-512,5 теңге, ресей рублі 4,87-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 27 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерстерінің құны 0,80%-ға өсіп, барреліне 93,17 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 1,15%-ға өсіп, барреліне 91,43 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: