28 тамыздағы саудада доллар тағы көтерілді

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы бірден 3,21 теңгеге көтеріліп, 464,05 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 63,80 теңгені (+1,01) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк 501,22 теңге, рубльді 4,89 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 461,5-465 теңге, еуро 499,5-504,5 теңге, ресей рублі 4,75-4,97 теңге аралығында сатылуда.
Ал, 28 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы сәл көтерілді.
Осылайша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы 0,06%-ға өсіп, барреліне 84,53 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада қазан айындағы WTI мұнайына фьючерстердің баға белгіленімі 0,14%-ға өсіп, барреліне 79,94 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript