Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банкі ел азаматтарына жаңа алаяқтық схема пайда болғанын ескертеді

Интернет алаяқтық, инвестиция, ҚР Ұлттық банк, ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 20:28 Сурет: freepik
ҚР Ұлттық банкі инвестиция саласына қатысы бар алаяқтық схемалар пайда болғанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаскөйлер түрлі сайттар мен мобильді қосымшаларды қолдан жасап, Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсының интерфейсін көшіріп жүр. Сондай-ақ лауазымды тұлғалардың суретін пайдаланып, салынған ақшаның қайтарылатынын немесе инвестиция арқылы жоғары табысқа кенелуге болатынын айтып уәде береді. Сонымен қатар, азаматтарды көптеп тарту үшін алаяқтар өздерінің жалған сайттары мен мобильді қосымшаларын әлеуметтік желілер мен YouTube арқылы жарнамалайды, делінген орталық банк сайтында.

Ұлттық банк қазақстандықтарды барынша сақ болуға шақырады. Әртүрлі әлеуметтік платформалардағы жарнамалық хабарламаларға өтер кезде, сондай-ақ өзін Ұлттық банктің өкілі немесе құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстарған адамдардан телефон арқылы күмәнді қоңырау немесе электрондық хаттар алған кезде абай болған жөн.

"Бұдан бөлек, ҚР Ұлттық банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін және телефон, электрондық пошта немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы жеке мәліметтерді сұратпайтынын еске саламыз. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ұлттық банк қаражатты қайтарып беру туралы ақпаратты ұсынушы сайттарда алаяқтық әрекеттің айқын белгілері бар екенін қаперге алуыңызды сұрайды. Өйткені Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді, Қазақстан Республикасы азаматтарының активтерін инвестициялық басқаруға арналған өзекті лицензиялары бар ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған". ҚР ҰБ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Ұлттық банк мобильді қосымшаларды орнатпауға, дербес деректерді жария етпеуге, ұялы телефонға қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік бермеуге және телефонмен әңгіме барысында бейтаныс адамның нұсқауымен қандай да бір қаражатты өзге бір үшінші тұлғаның шотына аудармауға үндейді.

Егер сіз немесе танысыңыз осындай қаскөйлердің арбауына тап болса, алаяқтық фактісі бойынша іс қозғау үшін құқық қорғау органына жүгінген дұрыс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: