Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк қыркүйекте Ұлттық қордан неге 1155 миллион доллар сатты

Ұлттық банк, валюта нарығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 12:08 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі бүгін, 2023 жылғы 2 қазанда қыркүйек айындағы валюта нарығы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Банк жариялаған мәліметке сүйенсек, қыркүйек айының қорытындысы бойынша, теңге бағамының 1 АҚШ долларына қатынасы 474,99 теңгеге дейін 3,4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 158 млн-нан 162 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,4 млрд АҚШ долларын құрады.

"Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте 1155 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 34%-ын және күніне 55 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатымен операция жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын үнемі және біркелкі сату дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді".ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Ұлттық банк қыркүйекте:

  • БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 200 млн АҚШ долларын немесе нарықтағы жалпы көлемнің шамамен 6% болды;
  • "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (ҚДКҚ) активтерінің валюталық үлесін ұлғайту аясында Ұлттық Банк қыркүйекте 60 млн АҚШ долларына валюта сатып алды.
"Ұлттық Банк қыркүйекте валюталық интервенция жүргізген жоқ".ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Ұлттық Банктің алдын ала жоспарына сүйенсек:

  • қазан айында қажетті трансферттер сомасы бойынша Қаржы министрлігінің қолда бар болжамдық бағдарлары негізінде Ұлттық қордан 1,5 млрд-тан 1,6 млрд АҚШ долларына дейін валюта сатуды көздейді;
  • қазан айында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу – 100 млн-нан 150 млн АҚШ долларына дейін;
  • ҚДКҚ активтерінің валюталық үлесін арттыру үшін валюта сатып алу – 50 млн-нан 70 млн АҚШ долларына дейін болады деп болжанды.

"Ұлттық банк ашықтық қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады", делінген хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: