Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов балаларға арналған "Келешек" жинақтау жүйесін келесі жылы енгізуді тапсырды

Қазақстан үкіметі, "Келешек" жинақтау жүйесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 15:54 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысының ресми сайтының жазуынша, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бала туу көрсеткішінің көбеюіне байланысты болашақта білім беру жүйесіне түсетін жүктеменің едәуір артатынын атап өтті.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының Жолдауын орындау аясында азаматтарға жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі ретінде қолданыстағы қолдау шараларын біріктіретін "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды.

"Аталған жүйе шеңберінде балаға арнайы шот ашуға болады, оған мемлекет 60 АЕК мөлшерінде (5 жастағы балаларға) білім алуға бастапқы капитал салады. Бұдан әрі оған ата-аналардың ерікті жарналары, 5-7% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс есебінен қаражат жинақталады. Осылайша, айына 1 АЕК (3 450 теңге) мөлшеріндегі ең төменгі жарна салынып отырса, бала 18 жасқа толғанда шотында 3,3 млн теңгеден астам қаражат жиналмақ. Тиісінше, ата-аналардың ерікті жарналары, мысалы, айына 3 АЕК-ке дейін көбейсе, 7 млн теңгеден астам қаражат жинақтау мүмкіндігі болады".ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Премьер-министр "Келешек" ерікті жинақтау жүйесін енгізу мәселесі қазақстандық отбасылардың барлығына қатысты екенін атап өтті.

"Онда мемлекеттен берілетін бастапқы капитал, ата-аналардың ерікті салымдары, инвестициялық кіріс және мемлекеттік сыйақы қарастырылған. Осылайша, жеңілдетілген білім беру несиелерінің интеграциясын ескере отырып, "Келешек" бірыңғай ортақ жинақтау жүйесінде мемлекеттік қолдау шаралары шоғырландырылатын болады. Оқуға түскенше жинақталған қаражат жоғары білімді неғұрлым қолжетімді етуге мүмкіндік береді", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар 2019 жылдан 2022 жылға дейін туу көрсеткішінің өсуін ескере отырып, 2040 жылға қарай 18 жастағы қазақстандықтар саны айтарлықтай өседі деп күтілуде. Бұл ретте гранттар санын арттыру олардың көбін жоғары біліммен қамтуға мүмкіндік бермейді.

"Келешек" осы мәселелерді шешуге көмектесуі керек. Білім берудің қолжетімділігі мен сапасы ресурстарды шоғырландыру және мемлекет, бизнес, оқу орындары мен азаматтар арасында жауапкершілікті бөлу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл бірінші мамандықты алғанға дейін балаларды толық қолдауға мүмкіндік береді", — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр "Келешек" жүйесін келесі жылы енгізу қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты ұсынылып отырған шараларды кеңінен талқылап, жүйенің әрекет ету тетігін жан-жақты пысықтау талап етіледі.

"Бұл тек министрлік үшін ғана емес, сондай-ақ халық пен барлық қатысушы үшін қарапайым әрі түсінікті болуы керек", — деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйек күнгі жолдауында балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: