10 қазандағы саудада доллар бағамы өзгеріссіз қалды
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 477,21 теңге (+0,05) болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 65,45 теңге (+0,11) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 502,45 теңге, рубльді 4,73 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 477,5-479,5 теңге, еуро 504-507,5 теңге, ресей рублі 4,75-4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 10 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,05%-ға өсіп, барреліне 88,19 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 0,08%-ға өсіп, барреліне 86,45 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript