20 қазандағы саудада доллар сәл арзандады

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 16:15 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,40 теңгеге төмендеп, 479,06 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,35 теңгеге дейін төмендеді (-0,01).

Еуро бағамын Ұлттық банк 505,48 теңге, рубльді 4,93 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 478,3-480,3 теңге, еуро 506,5-509,5 теңге, ресей рублі 4,85-4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 20 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электрондық саудасында желтоқсандағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 1,01%-ға өсіп, барреліне 93,31 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 1,15%-ға өсіп, барреліне 89,39 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: