Жаңалықтар тізбегі
0

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы иелері 5,5 млрд теңге борышты өтеп, станцияны мемлекетке қайтарды

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы иелері 5,5 млрд теңге борышты өтеп, станцияны мемлекетке қайтарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 11:38 Сурет: Zakon.kz
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу барысында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы меншік иелері 5,5 млрд теңгеден астам борышын, оның ішінде жалақы және салық міндеттемелері бойынша қарыздарын төледі.

Осылайша, жылу энергиясын өндіру станциясы қарызсыз мемлекет меншігіне өтеусіз негізде қайтарылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Еске салайық, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты ұрлаған, нәтижесінде қала тұрғындары жылу энергиясын беру кезінде станция бірнеше рет істен шыққан.

Жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4,1 млрд теңге сомасында залал келтірді деген күдікпен, алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізілді.


"ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сай сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі".Қаржы мониторингі агенттігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: