Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтарға жалпыға бірдей декларация туралы маңызды жайт ескертілді

Қазақстандықтарға жалпыға бірдей декларация туралы маңызды жайт ескертілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 17:09 Сурет: freepik
Қазақстанның Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінің басталуына байланысты ел азаматтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтарға елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетіні ескертілді. Оның шеңберінде "Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны" (250.00 нысаны) басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, олардың жұбайлары (зайыбы) ұсынуы қажет.

"Егер сіз жоғарыда аталған тұлғалар санатына жатсаңыз, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмасаңыз немесе тоқтатсаңыз, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беруді ұсынамыз".ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда халықты жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылы басталды. Ол төрт кезеңде жүзеге асады:

  • бірінші кезең 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары ұсынған жеке тұлғаның кірісі мен мүлкі туралы декларациямен басталды;
  • 2023 жылғы қаңтардан бастап мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлерін және олардың жұбайларын қамтыған екінші кезең іске қосылды;
  • үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларациялануға жатады;
  • соңғы, төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан қалған барлық санат азаматтары декларация тапсырады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: