Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтарға жалпыға бірдей декларацияны тапсыру мерзімі туралы еске салынды

Қазақстандықтарға жалпыға бірдей декларацияны тапсыру мерзімі туралы еске салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 11:27 Сурет: pexels
Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінің аралық қорытындылары туралы 2024 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Қаржы министрлігінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00- нысан) ұсына бастады.

"Еске салайық, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары үшін Декларацияны тапсырудың сонғы мерзімі 15 қырқүйекке дейін. Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз". ҚР Қаржы министрлігі

Сондай-ақ, декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсынылады.

"Декларация декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы және оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған. Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды",- деді ведомство.

Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылы декларацияны 2,4 млн. жеке тұлға табыстауы қажет.

"Ағымдағы жылдың басынан бастап 1,1 млн. жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 46% декларацияны тапсырды. Оның ішінде Декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинетті (cabinet.salyk.kz), "Электронды үкімет" порталы(egov.kz) және "е-Salyq Azamat", "eGov mobile", Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған". ҚР Қаржы министрлігі

Декларацияларды ұсыну бойынша ен үздік белсенділікті Ұлытау облысы мен Түркістан облысының тұрғындары танытып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматы МКД жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша кезекті үндеуін жолдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: