Жаңалықтар тізбегі
0

Костенко атындағы шахтаның кеншілері қанша жалақы алады

Костенко атындағы шахтаның кеншілері қанша жалақы алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2023 15:20 Сурет: amanatpartiasy.kz
46 кеншінің өмірін қиған қайғылы оқиға болған Костенко шахтасын әлі де иеленіп отырған "АрселорМиттал Теміртау" кеншілерге қанша төлейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының бұйрығымен 1 қазаннан 27 қазанға дейінгі кезең үшін шахта жұмысшыларының еңбекақысы жоспар 100% орындалғандай төленеді. Ал жұмыс тоқтатылған 28 қазаннан 31 қазанға дейінгі кезең үшін еңбекақы орташа жалақы мөлшерінде жүргізіледі.

Басқа құрылымдық бөлімшелерге бекітілген қызметкерлерге еңбекақы атқарған жұмысына сай төленеді. Бірақ еңбекақы олардың негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен болмайды.

Бұл 28 қазаннан бастап "Костенко" АҚ шахтасында кәсіпорынның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуден басқа, келесі ескертуге дейін барлық жұмыс түрінің тоқтатылуына байланысты жасалды.

Компания кеншілердің табыс деңгейі төмендемейтініне сендірді.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиға 28 қазанға қараған түні болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты. Ал шыға алмаған кеншінің бәрі – 46 адам қаза тапты.

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифингінде "АрселорМиттал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: