Путин Костенко шахтасындағы апатқа байланысты көңіл айтты

Ресей президенті, Қарағанды облысы, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, Костенко шахтасы, шахтадағы жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2023 16:17 Сурет: kremlin.ru
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты Костенко шахтасында болған қайғылы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, қолдау білдіремін, жер астында қалған кеншілерді құтқарады деп үміттенеміз", – деді Ресей президенті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басына туған қайғыла жағдайға байланысты 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бастапқыда төрт адам қаза тапты.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.

Өрт шыққан кезде шахтада 252 кенші болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 204 кеншіні сыртқа шығарды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: