7 қарашадағы саудада доллар бағамы өсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 16:18 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,89 теңгеге көтеріліп, 464,49 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 63,66 теңгеге (+0,24) жетті.

Еуро бағамын Ұлттық банк 496,73 теңге, рубль бағамын 5,01 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 464,9-467,5 теңге, еуро 496,5-499,5 теңге, ресей рублі 4,89-5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.
7 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 1,61%-ға төмендеп, барреліне 83,81 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 1,67%-ға төмендеп, барреліне 79,47 доллар болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: