15 желтоқсандағы саудада доллар бағамы өсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 15:59 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,82 теңгеге қымбаттап, 457,44 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 64,29 теңге (+0,39) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 496,73 теңге, рубльді 5,08 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 457,5-459,5 теңге, еуро 500-504 теңге, ресей рублі 5,05-5,19 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 15 желтоқсандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріле түсті.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 0,34%-ға өсіп, барреліне 76,87 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,42%-ға өсіп, 71,88 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: