21 желтоқсандағы саудада доллар аздап өсті

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 16:18 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,91 теңгеге қымбаттап, 456,99 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 63,84 теңгені (-0,14) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 500,11 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 457,7-459,7 теңгеге, еуро 500-503 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,15 теңгеге сатылуда.

Ал 21 желтоқсандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің құны барреліне $79,31 құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы көрсеткіштен 0,49%-ға жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,57%-ға арзандап, барреліне 73,8 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: