Жаңалықтар тізбегі
0

Путиннің Қостанайға келуіне қанша миллиард жұмсалды

Путиннің Қостанайға келуіне қанша миллиард жұмсалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 13:13 Сурет: primeminister.kz
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 9 қарашада Қостанайда өтетін трансшекаралық форумның шығынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанайда өтетін форумды ұйымдастыруға 13 миллиардқа жуық қаржы жұмсалған. Қалаға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келеді деп жоспарланған. Кейінірек мемлекет басшылары форумға онлайн түрде қатысатыны белгілі болды. Журналистер Әлібек Қуантыровтан "Ақша бос кетті деп ойламайсыз ба?" деп сұрады.

"Қаладағы кез келген инфрақұрылым қала тұрғындары үшін жасалады. Шара өтеді, Ресейдің шекаралас аймақтарынан кәсіпкерлер, біздің кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер келеді. Қала дамуы үшін кез келген нысан, соның ішінде визит орталықтар қажет. Мәселе біраз өңірде кәдімгі қонақүйлердің болмауы туралы. Мысалы, қазір өкінішке қарай облыс орталықтарының көбінде қонақүйлер жоқ. Елде әлемдік брендтер Астанада, Алматыда, Шымкентте, Атырауда, Маңғыстауда бар. Ал инвесторларды 4-5 жұлдызды қонақүйлер тартады. Жақында Оралға бардым. Онда бүкіл қалада жалғыз қонақүй бар".Әлібек Қуантыров

Журналистер "Бұл ақшаны Қостанайдағы ойын алаңдарына жұмсаған дұрыс болар ма еді, қалай ойлайсыз?" деп тағы сұрады.

"Бұл – әкімдікке қойылатын сұрақ. Мен бұл нысандар қалатынын айтып тұрмын. Инфрақұрылым нысандарын инвестициялық тартымдық үшін пайдалануға болады".Әлібек Қуантыров

9 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екі ел басшыларының келіссөздері жоспарланған, оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланбақ. Сонымен қатар президенттер бейнеконференцбайланыс арқылы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: