Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат көпбалалы отбасыларға 2,3 миллион теңге беруді ұсынды

Депутат көпбалалы отбасыларға 2,3 миллион теңге беруді ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 17:19 Сурет: Zakon.kz
Елімізде 550 мың көпбалалы және 107 мың ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасы бар. Олардың жартысынан көбі баспанасыз. Сондықтан да мәжіліс депутаты Гауһар Танашева оларға нақты көмек беруді ұсынып отыр.

Депутаттың сөзінше, ерекше балаларға ерекше жағдай керек. Әуелі денсаулығына қосымша қаражат қажет. Екіншіден, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жасауымыз керек.

"Бізде қаншама аналар балаларын жетектеп не үй ала алмай, не бала еміне ақша таппай жүр. Қазір елімізде болып жатқан мәселелердің барлығы осы жоқшылықтың кесірінен. Қаншама ата-аналар осылай табыс табу үшін бірнеше жұмыста істеп балаларын үйде қараусыз қалдыруға мәжбүр. Ең алдымен балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын, тәрбиесін бірінші орынға қоюмыз керек. Біз жеріміз, еліміз бай деп мақтанамыз. Онда бұл мәселелер қайдан шықты? Атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай, төмен айлық пен жәрдемақыны жеткізе алмай, несиеге батқан біздің халқымыз не істейді? Сондықтан біз осындай мәселелердің алдын алатындай шара жасауымыз керек. Ол халықтың емін-еркін күнкөруіне көмектесетін кез-келген үкімет тарапынан көмек: айлық пен жәрдемақы мөлшерін көтеру, үй алу жолдарын қолжетімді жасау". Депутат Гауһар Танашева

Ол Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері халық саны 16 миллионнан 20 миллионға, яғни 32 жылда 4 миллионға ғана өсті дейді. Оның сөзінше, демографиялық саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде отбасыларға қаржылық қолдау көрсетуге күш салып жатқан көршілес Ресей мен Беларустың тәжірибесіне назар аударуымыз керек.

Мысалы, Ресейде 2007 жылдан бастап жұмыс істей бастаған "Аналық капитал" бағдарламасы бар. Осы бағдарламада бала туған кезде отбасы 587 мың рубль, біздің ақшаға аударғанда 3 млн тг мөлшерінде көмек алады. Беларустағы 2015 жылдан бастап енгізілген "Отбасылық капитал" бағдарламасы бойынша үшінші немесе одан кейінгі балалар туған, асырап алған кезде отбасыларға біржолғы қолма-қол қаражат мөлшері – 10 мың доллар, яғни 4 млн 650 мың тг береді.

"Біздің ойымызша, бұл механизм тиімді және іс жүзінде өзінің нәтижесін көрсетті. Бірақ мұндай жүйені енгізу мүмкіндігі басқа елдердің оң тәжірибесіне қарамастан Қазақстанда әлі қарастырылмаған. Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары отбасында төртінші бала туғанда немесе отбасыда ерекше бала болса 5 000 доллар, яғни 2 млн 300 мың теңге мөлшерінде "Отбасылық капитал" бағдарламасын іске қосуды ұсынады", - деді Гауһар Танашева

Бұл капитал үш бағытта жұмсалу жоспарланады:

  • Үйсіз жүрген отбасыларымыз баспаналы болу мүмкіндігі пайда болады.
  • Білім ала алмай жүрген көпбалалы отбасынан шыққан балалардың арманы орындалады.
  • Қаражатты отбасылар балаларының денсаулығын жақсартуға қолдана алады.

Депутаттың сөзінше, "Отбасылық капитал" сияқты мемлекеттік қолдаудың мұндай жүйесін енгізу елімізде халық санын айтарлықтай арттырады және қиын жағдайға тап болған отбасыларға қай жағынан болса да нақты көмек болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: