"Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның лауазымды тұлғалары ұсталды

"Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның лауазымды тұлғалары ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 15:07 Сурет: Қаржы мониторингі агенттігі
Қаржы мониторингі агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен "Қазарнаулыэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады.

Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген.

"Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның мақсаты Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсету", - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сай өзге мәліметтер жарияланбайды.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: