Жаңалықтар тізбегі
0

Жария лауазымды тұлғаларға қаржылық мониторинг жүргізіледі

Сенаттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2021 18:50 Сенаттың баспасөз қызметі
Қаржы мониторингі жүргізілетін субъектілер қатарына майнингпен айналысатын тұлғалар да қосылады.

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қарап, қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңға сәйкес енді жария лауазымды тұлғалардың қаржы операцияларына заңнамалық тұрғыда бақылау жүргізіледі. Бұрын олар қаржылық мониторинг субъектілерінің қатарына қосылмаған еді. Жаңа норма бойынша бұдан былай салалық Агенттік ұлттық жария лауазымды тұлғалардың тізімін жүргізеді.

Сондай-ақ, қаржы мониторингі жүргізілетін субъектілер қатарына майнингпен айналысатын тұлғалар да қосылады. Енді олар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға өз қызметінің басталғаны туралы ескертуге міндетті болады.

"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру қоғам мен мемлекет үшін қауіп тудыратыны анық. Сол себепті, осы қылмыстарға қарсы іс-қимылдардың тиімділігін арттыру және бұл саладағы сын-қатерлердің алдын алу аса маңызды. Сондықтан бүгін қабылданған заң қылмыстық кірістерді азайтуды және ұлттық қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруды көздейді", – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар отырыс барысында сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

Әбдәлі Нұрәлиев елімізде ауыз су тапшылығын шешу үшін жерасты сулары ресурстарын зерттеуді жандандыру маңызды екенін айтты.

Ал Нариман Төреғалиев Қазақстан-Ресей шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерін жаңғырту мәселесін көтерді.

Өз кезегінде Ақмарал Әлназарова елімізде трансплантологиялық қызметті дамытуды ұсынды.

Дана Нұржігіт патриоттық тәрбиеге қатысты бөлек заң жобасын әзірлеу қажеттігіне назар аударды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: