Жаңалықтар тізбегі
0

Білген абзал: Интернет алаяқтарды қалай анықтауға болады және олардың құрбанына айналмас үшін не істеу керек?

Білген абзал: Интернет алаяқтарды қалай анықтауға болады және олардың құрбанына айналмас үшін не істеу керек?, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 14:16 Сурет: Отбасы банк
Қазақстандықтар өздері оны байқамаса да интернеттегі алаяқтықпен жиі ұштасып жатады. Ғаламтордағы арам пиғылдыларды қалай анықтауға болады? Олардың құрығына ілінбеу үшін не істеу қажет? Осы сұрақтарға Zakon.kz материалында жауап береміз.

Бүгінде алаяқтықтың түрлі тәсілдері бар. Олардың қай-қайсысы болмасын, ақшаңызды қолды етуді мақсат көреді. Қаражатыңызды жоғалтып алмас үшін қаскөйлердің айласын алдын ала анықтап алу керек.

Мақан Есболатов атындағы академияның Жедел-іздестіру қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Байсейітов Болат интернет алаяқтықтың негізгі әдістеріне тоқталып, одан зардап шекпеу үшін нені білу керек екеніне тоқталды.

"Интернет – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Оның көмегімен сауда жасайсыз, жұмыс істейсіз, көңіл көтере аласыз және адамдармен жүздесесіз. Виртуалды өмірдің артықшылықтары халықты алдауға бағытталған алаяқтар айла-тәсілдерінің көлеңкесінде қалып отыр. Бұл тенденциямен күресіп жатырмыз. Бірақ ең дұрысы – азаматтарымызды алдын ала құлағдар ету. Сол себепті біз жиі таралған интернет және телефон алаяқтық түрлерінің тізімін жасадық ", – деді Болат Байсейітов.

Ең көп таралған алаяқтық схемалары

"Қызметкермін" деп қоңырау шалу

Бұл әдіс былай жұмыс істейді: алаяқтар өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, картаңыздан төлем жасалғанын хабарлайды. Ізінше ақшаңызды сіз рұқсат етпеген, бөтен төлемдерден қорғау үшін қаражатты басқа шотқа аударуды немесе төлем картаңыздың деректерін айтуды ұсынады.

Кеңес: Қаржылық шоттарыңыздың реквизиттерін ешқашан үшінші тарапқа айтпаңыз. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының мамандары жеке ақпараттарыңызды телефон арқылы ешқашан сұрамайды.

Ұтыс жөніндегі хабарламалар

Әлеуетті жәбірленушіге автокөлік, ақша, смартфон сияқты бағалы зат ұтқаны туралы электронды хат жолданады. Бірақ жүлдені алу үшін алаяқтар өз құрбанынан белгілі бір реквизиттерге ақша аударуды сұрайды.

Кеңес: Ешқашан бейтаныс адамдардың электронды шоттарына, электронды әмияндарына ақша аудармаңыз. Жүлдені ұтыс ойынына қатыспай ұтып алу мүмкін емес, соны ескеріңіз.

Алдын ала төлем арқылы онлайн сауда

Сіз интернет-дүкеннен өте тиімді бағамен ұялы телефон, ноутбук немесе камера тауып алдыңыз. Дегенмен тауарды сатып алу үшін дүкен алдын ала төлем сұрап тұр.

Кеңес: Ешқашан тексерілмеген интернет-дүкендердің электронды әмияны мен ұялы телефон шоттарына ақша аудармаңыз.

"Егер сізден тауарға экспресс-төлем терминалдары арқылы қаражат аудару немесе электронды әмиянға ақша салу сұралса, алаяқтарға тап болғаныңыздың ықтималдығы өте жоғары" - дейді Болат Байсейітов.

Отбасы банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 14:16

Сурет: Отбасы банк

Сілтемесі бар хабарламалар

WhatsApp-қа, Telegram-ға немесе электрондық поштаңызға музыка, сурет немесе бағдарламаны жүктеп алу үшін белгісіз дереккөзден сілтемесі бар хабарлама келеді.

Кеңес: Хабарламада берілген сілтемені ешқашан баспаңыз. Оны басу арқылы құрылғыңызға вирус жұқтырып аласыз немесе ақылы қызметтерге автоматты түрде жазыласыз. Хабарлама өзіңіз танитын адамнан келсе де, оны дәл сол адамның жібергеніне көз жеткізіңіз.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін тағы не білу керек?

Алаяқтар түпнұсқасынан ажырату өте қиын, банктердің жалған веб-сайттарын жиі жасайды. Салдарынан клиент банк қызметін тұтынуды көздеп, жеке дерегін өзі байқамай жалған веб-сайтқа жазып қоюы мүмкін. Ал бұл деректеріңізді кейін алаяқтар арамза мақсаттары үшін пайдаланады.

Отбасы банк мамандары интернет-парақшаларға жеке деректерді жазғанда ұқыпты әрі өте мұқият болуға кеңес береді.

"Пайдаланушылар банктің немесе өзге қаржы ұйымының веб-сайтын аштым деп ойлауы мүмкін. Бірақ шын мәнінде олар жалған веб-сайтқа кезігулері әбден ықтимал. Алаяқтар адамдар фейк сайттарды байқамайтынына және жалған парақшаға өзінің жеке дерегін енгізетініне сенеді. Мысалы, карта мен шот деректері, телефон нөмірлері, пароль. Егер абайсызда жеке деректеріңізді мұндай сайттарға жазып қойсаңыз, алаяқтар оны дереу қолданады" - дейді "Отбасы Банк" АҚ Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің мониторингі және талдау департаментінің басшысы Рауан Сандыбаев.

Сонымен қаржы ұйымдарының сайттарына өткен кезде не нәрсеге назар аудару керек:

  • Браузердің мекенжай жолағындағы сайт доменін тексеріңіз. Оның "https://" деп басталатынына және банк доменіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Мысалы, Отбасы банк сайттарының әріптері мынадай: https://www.hcsbk.kz және https://otbasybank.kz
  • Күдікті көздерден алынған сілтемені баспаңыз, әсіресе олар мобильді қосымшаларды жүктеп алуды немесе жеке ақпаратты енгізуді ұсынса.
  • Сайтқа құпия деректерді енгізбес бұрын, беттің URL мекенжайын мұқият тексеріңіз. Бұл нағыз веб-сайт па? Оның мекенжайында қосымша әріптер бар ма? Әріптер сандармен ауыстырылмаған ба? (мысалы, нөл (0) мен О әрпі).
  • Достарыңыздың атынан жарияланған сілтемелерді ашпас бұрын бірнеше рет ойлану керек. Тым тартымды ұсыныс жиі алаяқтық болып шығады.
"Азаматтарымызға белгісіз жіберушілердің электронды хаттары мен хабарламаларына өте абай болу керек екенін ескертеміз. Электронды хат күдікті болып көрінсе, оны ашпаңыз және сілтемелерді баспаңыз" –дейді Рауан Сандыбаев.

Егер "Отбасы банк" сайтында фишингтік шабуыл анықталса немесе оның іске асқаны жөнінде күдік туындаса, дереу ақпараттық қауіпсіздік қызметіне хабарласуыңыз керек: antifraud@otbasybank.kz. Алаяқтыққа қарсы сенім телефоны - +7 (727) 330-94-82.

Сонымен қатар https://sp.zakon.kz/2023/otbasy/rogue/#kk сілтемеcі арқылы өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардың арам әрекетінен қалай қорғау керек екенін толығырақ біле аласыздар. /алаяқ/#kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: