Жамбыл облысында 9 млн бюджет қаражатын заңсыз жұмсаған бухгалтер бас бостандығынан айырылды

Жамбыл облысында 9 млн бюджет қаражатын заңсыз жұмсаған бухгалтер бас бостандығынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 09:40 Сурет: Zakon.kz
Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған.

Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу).

Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді.

"2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Орталықтың бухгалтері 5 жылдық мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде). Үкім заңды күшіне енген жоқ".Жамбыл облысының прокуратурасы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: