Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады
Сурет: Zakon.kz
1 желтоқсанда Қазақстанда жазғы дөңгелектерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңға сай, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері көліктерінің қысқы дөңгелектері болуын қадағалауы керек.
"Мұндай заңбұзушылықтар анықталған кезде полиция қызметкерлері бұзушылықтар жойылғанға дейін көлікті тоқтатып, мемлекеттік нөмірді тәркілеуге құқылы", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек 13 қарашада өткен брифингте.
Ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болады. Жүргізуші бір жылда қайтадан тәртіп бұзса, 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл төлейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript