5 желтоқсан күнгі саудада доллар сәл арзандады

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 16:26 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,33 теңгеге төмендеп, 461,05 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 64,50 теңге (-0,09) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,65 теңге, рубльді 5,1 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 460,7-462,7 теңге, еуро 498,5-501,5 теңге, ресей рублі 4,97-5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал әлемдік мұнай бағасы 5 желтоқсан күнгі саудада тұрақты болып қалды.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің бағасы барреліне 78,03 доллар болды, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы деңгейге сәйкес келеді.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI мұнай фьючерстерінің баға белгіленімі 5 центке өсіп, барреліне 73,09 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: