Қазақстан Ұлттық банкі жаңа монеталар шығарды

Ұлттық банк, монета, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 17:36 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Ұлттық банкі "Банкноталардағы портреттер" сериясынан Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк "Банкноттардағы портреттер" сериясындағы коллекциялық монеталар туралы мәлімет берді:

"Жаңа монеталар 1993 жылғы үлгідегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноталарының бірінші сериясының портреттік бейнелеріне арналған. Онда көрнекті тарихи тұлғалар – ғалым Әл-Фараби, айтыскер ақын Сүйінбай Аронұлы, күйші Құрманғазы, ғалым әрі этнограф Шоқан Уәлиханов, ақын әрі философ Абай, сондай-ақ қазақ хандары Әбілқайыр мен Абылай бейнеленген".

2011-2013 жылдары Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық алтын монеталары айналымға шықты.

"Коллекционерлер мен халық тарапынан болған сұранысты ескере отырып, серия күміс және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталармен толықтырылып отыр". ҚР Ұлттық банкі

Монеталар:

  • әрқайсысы 925/1000 сынамды күмістен, салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, proof дайындау сапасымен, номиналы 500 теңгелік, таралымы 2 000 (екі мың) данада жасалды;
  • әрқайсысы МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, uncirculated дайындау сапасымен, номиналы 200 теңгелік, таралымы 50 000 (елу мың) данада жасалды.


Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі


Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі


"Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті".ҚР Ұлттық банкі

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: