Қазақстанда ӨКМ қалдықтарын жинау, тасымалдау және қайта өңдеу үшін төлемдер қағидалары бекітілді
2023 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілерден және импорттаушылардан оның банктік шотына түскен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға төлемдер арқылы ақшаны жіберу қағидалары" бекітілді (EcoQolday).
Бұған қоса Қағидалар 2023 жылғы 6 желтоқсанда жарияланғаны және 2024 жылғы 4 ақпанда қолданысқа енгізілетіні (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң) мәлім болды.
Осыған байланысты "Жасыл даму" акционерлік қоғамы 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қалдықтарды жинаушылар мен қайта өңдеушілер, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар үшін жоғарыда аталған Қағидаларды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізеді.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу күні, уақыты және орны туралы ақпарат (сілтеме) қосымша "Жасыл даму" акционерлік қоғамының сайтында жарияланады.