Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін біржолғы төлем 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға біржолғы төлемді 250 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды. Бұл жөнінде кезектен тыс сессияда мәслихат депутаттарының сауалына жауап берген әкімнің орынбасары Арман Қырықбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бастапқыда өтемақы мөлшері келесі жылы артуы керек болған. Дегенмен Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаржыны үнемдеу арқылы және Тәуелсіздік күні қарсаңында "желтоқсаншыларға" төлемді биыл ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.
Жыл сайын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге көлемінде өтемақы алады. 2023 жылы бұл көмекті 702 адам алады.
Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады.
16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін тойлайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript