8 желтоқсандағы саудада доллар арзандады
Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,20 теңгеге төмендеп, 457,61 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,07 теңге (-0,13) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк 495,28 теңге, рубльді 4,97 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 459,1-461,1 теңге, еуро 495,5-498,5 теңге, ресей рублі 4,95-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал әлемдік мұнай бағасы 8 желтоқсандағы саудада көтерілді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 2,08%-ға өсіп, барреліне 75,59 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 2,06%-ға қымбаттап, 70,77 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript