Жаңалықтар тізбегі
0

Алтын бағасы айтарлықтай қымбаттауы Қазақстанның алтын-валюта резервін 131 млн долларға толықтырды

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары, алтын бағасы, Ұлттық банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 18:00 Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Қараша айының қорытындысы бойынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес, АВР көлемі 34,1 млрд долларды құрап, бір айда 131 млн долларға ұлғайды.
"Алтын" бағасын белгілеудегі өсім оң фактор болды. Яғни қараша айында алтын бағасы бір унция үшін 1998 доллардан 2038 долларға дейін өсті. Бұл ретте бағалы металл бағасының өсуі әлемдегі геосаяси жағдайдың күрт нашарлауына, атап айтқанда, Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты орын алды", – деді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Естеріңізде болса, желтоқсан айының басында бір троя унциясы 2,1 мың доллардан асқан алтын бағасы коронавирус пандемиясы кезіндегі тарихи рекордты жаңартқан болатын.

Жалпы, бір жыл бұрын бағаның өсуіне әлемнің орталық банктері алтын активін белсенді сатып алуы ықпал етті. Бұл ретте АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне қарамастан алтынның құны өсті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алтын бағасының тарихи "максимумы" 2020 жылғы тамызда, Covid-19 пандемиясы кезінде тіркелген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: