13 желтоқсандағы саудада доллар бағамы түсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2023 16:14 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,93 теңгеге төмендеп, 455,69 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,22 теңге (-0,27) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 492,68 теңге, рубльді 5,06 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 457,1-459,1 теңге, еуро 491,5-494,5 теңге, ресей рублі 5,01-5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 13 желтоқсандағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің бағасы 0,70%-ға төмендеп, барреліне 72,73 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,66%-ға төмендеп, барреліне 68,16 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: