14 желтоқсандағы саудада доллар арзандай түсті
![Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2023 16:46](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-14/file-7711e915-35ab-4753-bac6-aae4cc74830a/800x450.webp)
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,23 теңгеге төмендеп, 455,63 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 63,90 теңге (+0,67) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 491,46 теңге, рубльді 5,07 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 458,5-460,5 теңге, еуро 492-495,5 теңге, ресей рублі 5,01-5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 14 желтоқсандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 1,24%-ға өсіп, барреліне 75,18 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 1,09%-ға қымбаттап, 70,23 доллар болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript