26 желтоқсандағы саудада доллар тағы арзандай түсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,38 теңгеге төмендеп, 456,22 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда-саттық жасалған жоқ.
Ұлттық банк еуроның бағамын 503,99 теңге, ресей рублін 4,98 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 457,3-459,3 теңге, еуро 500-503 теңге, ресей рублі 4,91-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 26 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 0,04%-ға арзандап, барреліне 78,77 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері айына 0,15%-ға төмендеп, барреліне 74,45 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript